• rus
03:59 30 Мамыр 2015
қаз
Астана+ 16°C
Тікелей эфир
Саясат

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ливиялық Бенгази қаласындағы зорлық-зомбылық актісін айыптады

Саясат
Қысқа сілтеме алу
000

АСТАНА, 13 қыр  - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ливияның Бенгази қаласында жасалған зорлық-зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды, делінген ведомствоның мәлімдемесінде.


"Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ дипмиссиясы басшысы мен елшілік қызметкерлерінің өліміне әкеліп соқтырған Ливияның Бенгази қаласында жасалған зорлық-зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды", делінген мәлімдемеде.


Қазақстан барлық мемлекеттерді дипломатиялық елшіліктер ғимараттары мен дипломаттарға қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету бойынша өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырады.


«Біз сондай-ақ  лаңкестіктің барлық түрлері мен оның орын алуын айыптаймыз және бұл зұлыммен күресуде анағұрлым тиімді шараларды қабылдауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Басты тақырыптар