10:23 25 Тамыз 2016
Астана+ 21°C
Тікелей эфир
Саясат

Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі ЕАЭО үшін сынақ болды

Саясат
Қысқа сілтеме алу
000

Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі Еуразиялық экономикалық одақ үшін (ЕАЭО) сынақ болды деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуде.

АСТАНА,  20 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі Еуразиялық экономикалық одақ үшін (ЕАЭО) сынақ болды деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуде.


«Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің одақ (ЕАЭО) үлкен сынаққа тап болып отыр, өйткені мұнайға және басқа да экспорттық тауарларға экспорттық баға төмендеді.Менің ойымша, біз бұндай тәуекелдер болатынын білдік, баға тепе-теңсіздігі де, толқыныс та болды», - деді Назарбаев жұмада.


Ол бүгінгі кездесуде өңірде және әлемде болып жатқан оқиғалар, соның ішінде «Еуразиялық экономикалық одақ дағдарыстан қалай шыға алады» деген сауалдар талқыланатынын атап айтты.