15:40Қалмырзаевтың дүниеден өтуімен ықпал ету аймағы қайта бөлісуге түсуі мүмкін, деп санайды саясаттанушы Сатпаев
Қазақстандық саяси элитаның басты тұлғаларының бірі Сарыбай Қалмырзаевтың өмірден озуымен ықпал ету аймағы қайта бөлісуге түсуі мүмкін, деп санайды саясаттанушы, тәуекелділіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев.
12:49Мәскеу, Астана және Минсктің еуразиялық одағы Киев үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда
Еуразиялық экономикалық комиссияның пайда болуы Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдер үшін жаңа құқықтық жағдай жасайды. Және де бұл – ықпалдастықты басқарудың ұлттықтан жоғары тұрған органды қалыптастыру бойынша құжаттар пакетіне қол қойған Ресей, Беларуссия және Қазақстан президенттінің Мәскеу саммиті салдарының бірі ғана.
17:00Бір түнде саяси реформаларды өткізу мүмкін емес, ол үшін уақыт қажет - Ертісбаев
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы бүгін мемлекеттің қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарабев 95,5% дауыс жинап жеңіске жеткен 3 сәуірдегі Қазақстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауына жүргізілген мониторинг қорытындыларын жариялады. Миссия бағасы: республикадағы сайлау тиісті дәрежеде өткен жоқ. Бұл ретте қалған халықаралық бақылаушылар жақсы ұйымдастыру мен сайлау процесінің ашықтығын атап көрсеткен. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мәлімдемесін Қазақстан жаңалықтары АА-не Қазақстан президентінің саяси мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ашықтап берді.
11:59Мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрынғы арзандауынан кейін, жоғары қарай түзетілуде
Мәскеу уақытымен сағат 7.12-дегі жағдайға қарағанда, Brent Crude Oil маркасы солтүстік теңіз мұнай қоспасына IСE қаңтарлық фьючерстің бағасы (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасында сауда қорытындылары бойынша бір баррель үшін 64,75 долларға дейін 0,79% -ға көтерілді. Light Sweet Crude Oil маркалы жеңіл мұнайының бүгінгі саудадан кейінгі бағасы барреліне 61,49 долларға дейін 0,9%-ға өсті.
Тәуелсіздік күні республикада мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Мейрам қарсаңында мемлекет басшысы Қазақстанның беделді азаматтары - мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, саясаткерлер мен әскери қызметкерлерге наградалар тапсырды.