Кеше Швейцариялық Лозаннада «Beau-Rivage Palace» отелінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері «Жылдың үздік банкноты» номинациясында награда алды. Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотты ең үздік деп таныды.
Қазақстан француз жастарының білім алуына арнайы квота бөледi, деп хабарлад Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Сапардың маңызды нәтижесі бірлескен декларацияға қол қою болды. Ол қазақстандық-француз қарым-қатынастарының барлық қырлары бойынша стратегиялық әріптестікті нығайуға деген өзара ниетімізді бекітеді", - деді Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін өткен баспасөз маслихатында.
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко бейсенбіде Түркияда өтіп жатқан жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын ITF сериялық турнирінің жалғыздық дәрежесiнiң жартылай финалына шықты, деп хабарлайды халықаралық теннис қауымдастығының сайты.
7 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қатты жел, жаяу бұрқасын және аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ол, бұл оқиғаның қанша рейстерге әсер ететіндігін, айта алмады. "Рейстер кешіктіріледі, өйткені барлық жолаушылар далада", - деді әуежай қызметкері.
"Қазақстанда адам құқығының сақталуы этникалық ұстанымдар бойынша тыйым салатын заңдар қабылдай бастаған кейбір еуропалық елдерге қарағанда кеңінен қамтамасыз етілген. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады және олардың баршасының құқығы тең. Барлықтарының тілдері, мәдениеттері қорғалған, сондай-ақ 18 тілде мектептер жұмыс істеуде", - деді Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін өткен баспасөз маслихатында.
"Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес. Бұл - аумағы бойынша ең үлкен мемлекет және ең бай ел. Санкцияларға байланысты олар әрине кірістерді жоғалтып алды, бірақ газ, мұнай және басқа да дүниелер Ресейде қалуда. Дағдарыс ұзаққа созылмайды, және де кез келген соғыс бейбітпен аяқталады", - деп түйді Қазақстан басшысы.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесу өткізуде», - делінген хабарламада.