Назарбаев, оның өкілеттігін ұзарту бойынша референдумның өтуіне қарамастан билік басында қалады – политолог

выборы голосование
1/3
12:35 10/01/2011

АСТАНА, 10 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның қазіргі президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы мәселе шешуші маңыз атқармайды, оқиғаның дамуының кез келген түрінде Назарбаев билік басында қалады, деп санайды қазақстандық политолог, тәуекелділіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев.


«Қалай алғанда да президент, біздің барлықтарымызды мазалауға тиіс маңызды мәселені, ақыры анықтай алатын, белгілі уақыттық кеңістікті өзінде сақтайды: оны болашақта кім ауыстырады, биліктің ауыспалылығының қандай механизмін бізге ұсынады. Бұл мәселе референдумнан да маңызды, өйткені бұл басқа референдумнан да маңызды  бағытқа қатысты – Қазақстанның Назарбаевтан кейінгі дамуы. Міне осы менің ойымша тек сарапшылар ғана емес, сондай-ақ саясаткерлердің  ойлануы үшін басты тақырып болып табылады. Ал референдум мен 2012 жылғы сайлау президенттің билікте болуын белгілі бір мөлшерде ұзартатын құрал ғана. Бұл стратигиялық емес тактикалық  мәселелер», - деп мәлім етті Сатпаев дүйсенбіде Қазақстан жаңалықтарына берген сұхбатында.


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында жиырма жетінші желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады. Заңнамаға сәйкес референдумның бастамашылары 200 мыңнан аса азаматтың қолын жинауға тиіс. 2011 жылдың 8 қаңтарына 3,6 миллион қол жиналған.  

Өткен аптаның аяғында ресми басылымдарда жалпы сайлау өткізусіз қазіргі президенттің  өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістерді республикалық референдумға шығару туралы парламенттің ұсынысын Назарбаевтың қабылдамай қайтарған президенттің жарлығы жарияланған.      

«Референдум өткізу бойынша барлық бастама президенттік ортадан шығып отыр. Депуттар, осы саяси әрекеттің басқа да қатысушылары секілді тікелей көпшілік көрініс болып табылады. Егер естеріңізде болса 2009 жылы мәңгілік президенттік туралы тақырып қозғалған. Ал өткен жылы өткілеттігін ұзартуға қатысты бірнеше бастама болған», - деді Сатпаев.

Оның бағалауынша, «көпшіліктің қатесі, олардың референдумға шырғаланып қалуында».


«Мысалы президент 2012 жылғы сайлауға қатысады деп, жорамалдап көрейік. Егер ол қатсатын болса, кез келген жағдайда 2017 жылға дейін билікте болады. Референдум өткізген жағдайда ол формальды түрде 2020 жылға дейін билік басында тұрады. Яғни айырмашылық референдум өткізген жағдайда қосымша мемлекет басшысына қосымша берілетін үш жылда ғана. Бірақ бұл үш жыл үлкен роль атқармайды», - деп түсіндірді политолог.


Оның пікірінше, қазір «ортаға, сондай-ақ президенттің өзіне де, Елбасына сайлауға негізінен қатысу керек пе деген мәселені шешу маңызды еді – нақ осы мәселе ауаға ұшты».

«Дегенмен Қазақстанның саяси элитасы мен қазақстандық және шетелдік ірі бизнеске президенттің билікте неғұрлым ұзақ болуы маңызды, және де қандай тәсілмен болатыны маңызсыз: бұл референдум бола ма жоқ әлде сайлау ма», - деп есептейді Сатпаев.

Оның бағалауынша, «Қалай алғанда да, президенттің билікті ұстап қалатынын, және де 2012 жылғы сайлауда да оған жеңістің қамтамасыз етілгенін барлығы түсінеді». 


«Қалай болғанда да президент жеңілмейді. Сондықтан депутаттар ветоны қолдайды ма, жоқ әлде оған қарсы шыға ма маңызды емес!», - деп қорытындылады политолог.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


выборы голосование
12:35 10/01/2011Назарбаев, оның өкілеттігін ұзарту бойынша референдумның өтуіне қарамастан билік басында қалады – политолог

Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаетың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы мәселе шешуші маңыз атқармайды, оқиғаның дамуының кез келген түрінде Назарбаев билік басында қалады, деп санайды қазақстандық политолог, тәуекелділіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев. >>


Бұл қалай көрiнедi:


выборы голосование
12:35 10/01/2011Назарбаев, оның өкілеттігін ұзарту бойынша референдумның өтуіне қарамастан билік басында қалады – политолог

Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаетың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы мәселе шешуші маңыз атқармайды, оқиғаның дамуының кез келген түрінде Назарбаев билік басында қалады, деп санайды қазақстандық политолог, тәуекелділіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев. >>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »