Парламенттің президент ветосын жеңу жеңбеуіне қарамастан референдум өтеді – Балиева

Загипа Балиева
1/2
11:40 14/01/2011

АСТАНА, 14 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша референдум парламент палаталарының біріккен отырысының нәтижесіне қарамастан өтеді, деп мәлім етті Қазақстан жаңалықтары АА берген сұхбатында Орталық сайлау комиссиясы мен әділет министрлігінің бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.


«Референдум бастамасының төрт субъектісі бар: президент, үкіметт, парламент және республика азаматтары. Референдум бастамасының субъектілерінің бірі (республика азаматтары) өз құқықтарын жүзеге асырып, бастамашыл топ ұйымдастырды, тіркелді, қол қойылған қағаздарды жинады, қол қойылған қағаздар өткізілгеннен кейін ОСК осындай процедураның өтіп жатқандығы туралы президентті ақпараттандыруға міндетті. Референдум туралы қолданыстағы заңға сәйкес бүгінгі күні референдум өткізуге ештеңе бөгет жасамайды», - деп мәлімдеді Балиева.

«Депутаттар бұл норманы (президентті референдум жариялауға міндеттейтін) тек күшейтіп отыр», деп түсіндірді ол. «Егер біз бүгін дауыс бермесек те, бұл референдумды тоқтатпайды, егер дауыс берсек, онда Конституцияда бұл норма күшейтіледі», - деп нақтылады депутат. «Бүгінгі күнге заңнама референдум өткізуге толық құқық береді», - деп атап көрсетті ол.


Заңнамаға сәйкес, «егер ОСК бұның барлығын тіркеп, барлық негіздерді көрсетсе, қол қойылған қағаздарда (президентке) берсе, енді мемлекет басшысына сайлау үшін бюллетеньге кіретін мәселені және уақытты белгілеу қажет», деп түсіндірді Балиева.


Оның бағалауынша, бастама өткен жылдың 17 желтоқсанында дауысталғанын есепке ала отырып, референдумды өткізу 17 қаңтардан ерте емес және 17 наурзыдан кешіктірілмей тағайындалуы мүмкін.

 

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында жиырма жетінші желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады. Заңнамаға сәйкес референдумның бастамашылары 200 мыңнан аса азаматтың қолын жинауға тиіс. Бейсенбіде Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы  қорытынды хаттаманы бекітті: жалпы референдумды қолдауға 5 миллион 16 мың қол жиналды, 194 мың қол жарамсыз болып табылды.


Өткен аптаның аяғында ресми басылымдарда жалпы сайлау өткізусіз қазіргі президенттің  өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістерді республикалық референдумға шығару туралы парламенттің ұсынысын Назарбаевтың қабылдамай қайтарған президенттің жарлығы жарияланған.     


Дегенмен депутаттар жұмада өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында сайлау өткізусіз оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бойынша мемлекет басшысының ветосын жеңуге ниетті.


Қазақстанның қазіргі президенті 70 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан бері отыр. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауы өтуге тиіс болатын, оған Назарбаев өз кандидатурасын ұсынбақ болған.


Қазақстанда әрекеттегі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылғы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқан.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Загипа Балиева
11:40 14/01/2011Парламенттің президент ветосын жеңу жеңбеуіне қарамастан референдум өтеді – Балиева

Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша референдум парламент палаталарының біріккен отырысының нәтижесіне қарамастан өтеді, деп мәлім етті Қазақстан жаңалықтары АА берген сұхбатында Орталық сайлау комиссиясы мен әділет министрлігінің бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.>>


Бұл қалай көрiнедi:


Загипа Балиева
11:40 14/01/2011Парламенттің президент ветосын жеңу жеңбеуіне қарамастан референдум өтеді – Балиева

Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша референдум парламент палаталарының біріккен отырысының нәтижесіне қарамастан өтеді, деп мәлім етті Қазақстан жаңалықтары АА берген сұхбатында Орталық сайлау комиссиясы мен әділет министрлігінің бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.>>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »