Новости-Казахстан

Ертісбаев: Оппозицияның алдағы сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі жоқ

ермухамет ертысбаев
11:59 04/02/2011

АСТАНА, 4 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен мерзімнен бұрын сайлау өткізу уақытын 3 сәуір деп жариялады. Қазақстан жаңалықтары АА алдағы сайлау туралы сұрақтарына президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев жауап береді.

-    Мемлекет басшысы 2011 жылдың 4 ақпанда мерзімнен бұрын сайлау тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Назарбаевқа сайлауда мықты бәсекелестіткі күтуге болады ма? Және оппозиция өз тарапынан бір кандидатты шығара алады ма?

-    Салмақты сайлау алдындағы стратегия бірнеше ай бұрын жаласмайды. Оны оппозицияға алдындағы президенттік сайлауда  Назарбаевтың жеңіске жету қорытындылары белгілі болғанда, 2005 жылдың 4 желтоқсанынан бастап құру қажет еді. Барлық оппозиция қорытынды шығарып, нақты бірігуі қажет еді. Бірақ бір жылдан аса уақыт өтті, ондай ештеңе болған жоқ. Сондықтан бұл екі айда олар алдыңғы бес жылдан бері жасауға тиіс болған нәрсені жасай алмайда.

-    Яғни оппозицияның ешқандай мүмкіндігі жоқ па?

-    Ешқандай мүмкіндішгі жоқ. Бұны барлығы жақсы біледі. Оны ең алдымен оппозицияның өзі де мұны түсінеді. Сондықтан олар үшін басты міндет – екінші орынға күресу, келесі парламенттік сайлауда қоғамдық пікірдің көзінде,  бүкіл биліктің көзінде болашақтағы парламентте орын алу үшін бірнеше жүз мың жинау.

-    Сұхбаттарыңыздың бірінде Назарбаевтың сайлауда қанша дауыс жинауы мүмкін екендігі туралы нақты болжам жасадыңыз. Қалай бұған сенімдісіз?

-    Мемлекет басшысының   90% аса дауыс жинайтынына сенімдімін. Егер мен 95,9% деген болсам – ол жәй ғана. Мен  94,7% деп те айта аламын. Маңызы қанша? – Бастысы - 90% аса.

-    Алдағы сайлауда Назарбаевтың қарсыласы ретінде кімді көресіз?

-    Мен мемлекет басшысының кеңесшісі қызметін атқарамын, оппозиция кеңесшісі емес. Сайлау кампаниясы басталуда, біздің қарсыластарымыздың бірін тікелей болмаса да,  жанама түрде атын шығаруға ниетім жоқ.

-    Президенттікке қанша үміткер күтуге болады? Біреулер ең кемінде сайлау алды жарыстарда 10 қатысушы болады деген...

-    Менің пікірімше, 10-12 үміткер шығады, тіркеуге дейін 3-4, мүмкін бесеуі жетер. Өйткені сіздер білесіздер онда күрделі процедура: ақшалай кепіл керек, мемлекеттік тілді білуге де тиісті түрде еммтихан тапсыру қажет. Конституцияда жазылған ғой – мемлекеттік тілді жетік білу қажет. Бұл ауылдан шыққандарға да оңай соқпайды. Өйткені тиісті терминологияны, саяси мағынаның ауызша және түсініктеме аппаратын, тиісті терминологияны білу қажет және т.б.

-    Назарбаев қандай көңіл күймен сайлауға барады?

-    Мен Назарбаевты өте сенімді ұстаныммен келеді деп санаймын, өткені мерзімнен бұрын сайлау өткізу шешімді ол өзі қабылдады. Ия, барлығына кенеттен, оппозиция үшін, жалпақ ел үшін кенеттен. Ешқандай түбегейлі өзгерісті қаламай, тиаяудағы он жылда қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тұрақтылық пен баяндылықты қалаған бес миллион азаматтар үшін.   Бірақ президент сайлауға баруды шешті. Өйткені сіздірдің естеріңізде ғой, 2007 жылы біз президленттік мерзімді бес жылмен шектейтін түзетулерді қабылдадық. Осы бес жылдық мерзім өткен болар, бұл ықпал да әсер еткен болар, президент президенттік сайлауға баруды шешті.