ЖАЛПЫЛАУ. Астана-Кабул: миссия орындалатын ба?

мажилис парламента
1/6
16:01 23/05/2011

АСТАНА, 23 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Ауғаныстандағы Қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштерінің (ҚЫХК) құрамына қазақстандық штабтық офицерлерді жіберу идеясы Астана және Қабулмен қатар жалпы халықаралық ортада бірталай зобалаң туғызды.  Қазақстан жаңалықтары АА агенттігі сұраған сарапшылар орын алған жағдайды бағалауы бірікпеді: біреулері Талибан тарабынан Астананың атына жасалған ескертуді әбден мүмкін деп санаса, ал ендігі  біреулері тәліптердің қызу әсер етуіне қазақстандық уәкілетті оргнадардың түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болды деп санайды.        

ДЕПУТАТТАР МАҚҰЛДАДЫ, ТӘЛІПТЕР МӘЛІМ ЕТТІ

Мәжіліс (Қазақстан парламентінің төменгі палатасы) 18 мамыр күні Астананың Ауғаныстанда халықаралық коалицияға қатысуы туралы келісім ратификациясын мақұлдады. Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы сенаттың (жоғарғы палата) қарауында. Регламентке сәйкес, сенат қабылдап, республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, ресми басылымдарда жарияланғаннан кейін заң қабылданды деп есептеледі.
Келісімнің шарттарына сәйкес, Қазақстан Ауғаныстандағы қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштеріне (ҚЫХК) НАТО-ның мақұлдауы мен сертификаттау шарттарында алты ай мерзімге контингентін ұсынады, мерзім өзара келісу бойынша ұзартылуы мүмкін.


ҚЫХК үшін ұсынылған ұлттық контингет операция аумағына келгеннен кейін Еуропадағы НАТО Біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысының басқаруына өтіп, НАТО-мен бекітілген қару қолдану ережелерінің субъектілеріне айналады.


22 мамырда Талибан қозғалысы тәліптері Қазақстанды Ауғаныстандағы НАТО контингентін қолдап әскер жіберу шешімі ауыр зардаптар туғызады, өйткені бұл аумақтың барлық елдерінің мүдделеріне қайшы келеді  деп ескертілген мәлімдеме таратты. 


«(Қазақстан) ел халқының тілегі және аумақтаық мүдделерді ескерудің орнына АҚШ мүддесін қорғауға ниетті... Қазақстан мұсылмандары өз басшылығының жөнсіз саясатына қарсы шығуға тиіс... Қазақстан тарапынан бұл қадам Ауғаныстан мен Қазақстан және аумақ елдерінің қатынастарына ұзақ мерзімді теріс әсерін тигізеді», - деп келтіреді Reuters тәліптердің мәлімдемесін.

ЕЛЕГЗУДІ ТУҒЫЗАДЫ

Қазақстандық саясаттанушы Сатпаев, «Қазақстанның АҚШ НАТО блогымен ынтымақтастыққа белсенді қатысуы, әрине бұл тұрғыда Қазақстан нысанаға айналуы мүмкіндігін қарастыруға тиіс», деп санайды.
«Ауғаныстан аумағында Халықаралық әскери коалициямен күрес жүргізіп отырған белгілі бір күштердің  Қазақстанды жау ретінде қарайтын радикалдық топтардың тарапынан нысана (болуы мүмкін)», - деп мәлім етті  Сатпаев дүйсенбіде Қазақстан жаңалықтары АА-не берген сұхбатында.

«(Талибандардың) бұл қорқытуын Қазақстанның Ауғаныстанда әскери қатысуы туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік құрылымдар да назарға алуға тиіс», - деп есептейді, саясаттанушы.

Сатпаев Қазақстан мен Орталық Азияның өзге елдерінің атына осы секілді қорқытулар алғаш рет жасалмағандығын еске салды.


Атап айтқанда, «Қазақстан Иракқа өзінің әскери тобын жібергенде осыған ұқсас қорқытулар Алькаида тарапынан Қазақстан атына жасалған, оған дейін Талибан қозғалысы тарапынан, Өзбекстан исламдық қозғалыс, және сол Әльқайдадан Орталық Азияның барлық елдерінің атына қорқытулар болған».

«Және де осы қорқытулар елдердің АҚШ және НАТО блогымен ынтымамақтастығына байланыстырылған, әсіресе әңгіме Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге тырысу туралы болғанда. Сондықтан Талибан қозалысының бұл мәлімдемесі, әрине Қазақстанның белгілі бір елегізуін тудыруға тиіс», - деп есептейді саясаттанушы.


Оның бағалауынша, әңгіме «Талибан қоғалысының өзі біздің республикаға қауіп төндіруінің мүмкіндігі» туралы емес.

«Мәселе Орталық Азияның өзінде, Қазақстанның көрші елдерінде, Өзбекстан мен Қырғыстанды қосқанда, жергілікті экстремистік террористік ұйымдар бұрыннан бері және белсенді әрекет ететіндігінде», - деп түсіндірді Тәуекелдіктерді бағалау тобының директоры.

Сонымен қатар, Сатапевтың бағалауынша, Қазақстан аумағында да соңғы жылдары осы ұйымдардың белсенділігін бақылауға болады.
 
«Қазақстанның Ауғаныстан аумағындағы әскери шиеленіске қатысуы Қазақстан аумағында іс жүзінде террористік актілер жасай алатын белгі бір террористік ұйымдардың тарапынан белгілі бір агрессияны туғызуы мүмкін», - деп есептейді Сатпаев.

Оның бағалауынша, Қазақстан «бастапқыдан жоғары террористік қауіпті аумақта орналасқан».

«Иә, Құдайға шүкір, көрші елдермен салыстырғанда Қазақстан аумағында тікелей террористік актілермен тағы басқалармен байланысты жағдайлар өз аз болған. Менің пікірімше, бұл қоқытуды Қазақстанның Ауғаныстанда әскери қатысуы туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік құрылымдарды қосқанда назарға алу қажет», - деп қорытындылады саясаттанушы.

МӘСЕЛЕ ЖОҚ


Бұрынғы қорғаныс министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақпаев Талибанның мәлімдемесі  қазақстандық уәкілетті оргнадардың нашар түсіндіру жұмыстарынан туындаған деп есептейді.


«Бірінші кезекте, сыртқы істер министрлігі желісі бойынша тиісті мамандармен әңгіме не туралы екендігіне түсініктеме беруге тиіс:  (келісім) әскер енгізу емес, тек қана тиісті көмек көрсетуді (қарастырады)», - деді Тоқпақпаев дүйсенбіде тілшілерге.

Қазақстаннның Ауғаныстан аумағына әскери күштерін кіргізуге ниеті жоқ деп сендірді парламентші. «Біздің Ауғаныстанға, ең алдымен гуманитарлық, материалдық көмек көрсетіп отырғанымызды бүкіл әлем біледі деп ойлаймын. Бұл саясат жалғасатын болады. Мәселе, әскери күштерде емес, басқа іс, Ауғаныстан үшін төрт маман (жіберуді қарастыратын келісімді) біз талқыладық, ол жерде (қазақстандық әскерилердің қатарында) дәрігер, де бар шамасы», - деп түсіндірді Тоқпақбаев. 


«Талибан жаңылған, сондықтан мұндай мәлімдеме орын алды», - деген сенімде ол.
 
Бұрынғы қаорғаныс министрін Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев қолдады. «Бұл жерде мен онда (Ауғаныстанға) жіберілетін біздің төрт офцердің бейбіт миссиясын қолдауға мүмкіндік бермеуге кедергі көріп отырған жоқпын, мен Талибанның таразыланған және ұзаққа баратын жоспарлары бар деп ойламаймын. Біз гуманитарлық жасаушыға дер қоюдамыз, Ауғаныстанда Қазақстанның ауған мамандарын бейбіт мамандықтарға оқытуға, олардың бейбін қалыптасыуна, экономикасының дамуына қанша қаражат бөліп отырғанын білетіндіктеріне сенімдімін. (Қазақстанның) кеңесші ретінде (Ауғаныстанда) қатысуы ауа райын жасамайды. Олардың мәлімдемесін ұзаққа баратын қорытындылар шығарудың қажеті жоқ», - деді Нехорошев Қазақстан жаңалықтары АА-не

 «Бұл  алдымен саясаттың жұмысы, саясаттың шаруасы  біздің дініміздің бұл жерде атқаратын рөлі шамалы», - деді Қазақстан жаңалықтары АА-ге берген сұхбатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек. «Кезінде НАТО-мен тапсырысы дейді ма сондай тұрғыда әскерлеріміз Иракқа барып, қаншама жерді минадан тазалады ғой», деп еске салды ол. «Қаншама сауап алды», - деп нақтылады ҚМДБ-ның өкілі.


СІМ МӘЛІМДЕУГЕ ӨКІЛЕТТІ

Қазақстанның СІМ-нің  дүйсенбі күні түске дейін пікірін білдірді. Қазақстан Ауғаныстанға әскери контингент емес, Қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштерінің  штабына төрт офицер жібереді, деп мәлім етті республика СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдрахманов.


«Қазақстан және НАТО арасында жасалған келісім Қабул қаласында орналасқан Қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштері штабына төрт қазақстандық офицерді, әр алты айлық ротациямен жіберуді қарастырады», - деп атап көрсетті Әбдрахманов.


Осылайша, «мәселе бұл елге Қазақстан Қарулы күштерінің контингентін жеберу туралы емес, БҰҰ-мен белгіленіп, Ауғныстан халқымен таңдалған осы елдегі бейбіт өмірді қалпына келтіру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үкімет пен парламентке халықаралық ықпалдасуға қатысу», - деп атап көрсетті ол.


Қазақстандық СІМ өкілі, сондай-ақ, Ауғаныстандағы халықаралық коалицияға бүгінде 47 мемлекет кіріп олардың 6 Ислам конференциясы ұйымында тұратындығын еске салды.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


мажилис парламента
16:01 23/05/2011ЖАЛПЫЛАУ. Астана-Кабул: миссия орындалатын ба?

Ауғаныстандағы Қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштерінің (ҚЫХК) құрамына қазақстандық штабтық офицерлерді жіберу идеясы Астана және Қабулмен қатар жалпы халықаралық ортада бірталай зобалаң туғызды. Қазақстан жаңалықтары АА агенттігі сұраған сарапшылар орын алған жағдайды бағалауы бірікпеді: біреулері Талибан тарабынан Астананың атына жасалған ескертуді әбден мүмкін деп санаса, ал ендігі біреулері тәліптердің қызу әсер етуіне қазақстандық уәкілетті оргнадардың түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болды деп санайды. >>


Бұл қалай көрiнедi:


мажилис парламента
16:01 23/05/2011ЖАЛПЫЛАУ. Астана-Кабул: миссия орындалатын ба?

Ауғаныстандағы Қауіпсіздікке ықпал ету халықаралық күштерінің (ҚЫХК) құрамына қазақстандық штабтық офицерлерді жіберу идеясы Астана және Қабулмен қатар жалпы халықаралық ортада бірталай зобалаң туғызды. Қазақстан жаңалықтары АА агенттігі сұраған сарапшылар орын алған жағдайды бағалауы бірікпеді: біреулері Талибан тарабынан Астананың атына жасалған ескертуді әбден мүмкін деп санаса, ал ендігі біреулері тәліптердің қызу әсер етуіне қазақстандық уәкілетті оргнадардың түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болды деп санайды. >>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »