Новости-Казахстан

Қалмырзаевтың дүниеден өтуімен ықпал ету аймағы қайта бөлісуге түсуі мүмкін, деп санайды саясаттанушы Сатпаев

калмурзаев
15:40 27/07/2012


АСТАНА, 27 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА.
Қазақстандық саяси элитаның басты тұлғаларының бірі Сарыбай Қалмырзаевтың өмірден озуымен ықпал ету аймағы қайта бөлісуге түсуі мүмкін, деп санайды саясаттанушы, тәуекелділіктерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев.

Жұма күні ұзаққа созылған науқастан кейін 64-ке қараған жасында белгілі мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаев өмірден озды. Әр жылдары Қалмырзаев  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Жамбыл облысының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы, Әкімшілік басшысының орынбасары, ҚР Президентінің іс басқарушысы болып жұмыс істеген. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне басшылық жасаған. 2011 жылдың сәуірінен ҚР Президенті Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-нің директоры болған.


«Соңғы уаққытта президенттің айналасында Сарыбай Қалмырзаевтың позициялары әлсірей бастауына қарамастан, «южандар» (оңтүстіктілер) деп аталатын топтың бейресми көшбасшыларының бірі болғандықтан болса да, ол Қазақстанның сәяси және бизнес элитасында едәуір ықпалды тұлға болған», - деді Саптпаев Қазақстан жаңалығына берген сұхбатында.


Саясаттанушының пікірінше, Қалмырзаевтың өмірден озуымен екі мәселе туындауда.


«Біріншіден, оның орнын кім басады. Бұл айтарлықтай маңызды мәселе, өйткені оның кетуімен байланысты, билік вакуумының ұзақ болуы осы топтың өзін белгілі бір келеңсіз салдарға әкеліп соқтыру мүмкін. Екінші мәселе: оның кетуімен ықпал аймағы белсенді қайта бөліске түсуі басталмайды ма, басқа бәсекелес топтары тарапынан топқа ауыр соққы жасау әрекеттері орын алмайды ма, оның ішінде меншікті қайта бөлісу тұрғысынан да», - деп түсіндірді Сатпаев.