2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, ол әр бағыт бойынша жол жүру уақытын орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқартпақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанның Үкімет басшысы Өмірбек Бабановпен екі республиканың сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Кеше Швейцариялық Лозаннада «Beau-Rivage Palace» отелінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері «Жылдың үздік банкноты» номинациясында награда алды. Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотты ең үздік деп таныды.
"Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес. Бұл - аумағы бойынша ең үлкен мемлекет және ең бай ел. Санкцияларға байланысты олар әрине кірістерді жоғалтып алды, бірақ газ, мұнай және басқа да дүниелер Ресейде қалуда. Дағдарыс ұзаққа созылмайды, және де кез келген соғыс бейбітпен аяқталады", - деп түйді Қазақстан басшысы.
Елдің ірі банктерінің бірі Қазақстанның халық банкі активтердің көлемі бойынша 2013 жылғы 72,4 миллиард теңге сомасындағы табыспен салыстырғанда2014 жылдың қорытындысымен 100 миллиард теңгеден астам шоғырландырылған таза табыс алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды банк.
Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Иран басшысы Хасан Рухани "Солтүстік-Оңтүстік" бағытындағы жаңа темір жолды ашады, деп хабарлайды ТАСС.
Қазақстан құрылыс саласында 2015 жылдан бастап еуростандарттарға өтуге әзір, осы мақсаттарға 4 миллиард теңге жұмсады, деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.
Мәскеу уақытымен сағат 9.27-дегі жағдайға қарағанда, Brent Crude Oil маркасы солтүстік теңіз мұнай қоспасына IСE қаңтарлық фьючерстің бағасы бір баррель үшін 72,18 долларға дейін 2,81% -ға көтерілді. Нью-Йорк биржасында қаңтарлық фьючерсте Американың Light Sweet Crude Oil маркалы жеңіл мұнайының бағасы барреліне 68,54 долларға дейін 3,48%-ға түсті.
Қазақстанда әзірге жоғары сапалы цементтің өндірісі жолға қойылған жоқ, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Альберт Рау.
1 желтоқсаннан бастап Қырғыз Республикасына Қазақстанның электр энергиясы жеткізіле бастады, деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінен.
Қазақстанда ағымдағы жылғы қазанда алдыңғы аймен салыстырғанда инфляция 0,6% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы тұқым сатып алуға аграрияларды қаржыландыру арқылы форвардты жолмен бидай сатып алуды жүзеге асыруда, деп хабарлаы сейсенбіде компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері жыл басынан бері ҚР Ұлттық банкінің резервтерімен қоса алғанда шетелдік валюта есебінде 9,9 млрд. АҚШ долларына артып, 10,3%-ға өсті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар мен өзге іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.