ҚМГ геологиялық барлауға 557 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда

нефть, газ
1/4
12:15 02/12/2011

АСТАНА, 2 жел – Қазақстан жаңалықтары АА. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы («Қазақстанның мұнайы мен газы») 2012-2016 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 557 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда, оның ішінде 435 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауға және 12024 кв.км 3Д көлеміндегі сейсмикалық барлауға  499 млрд. теңге бөледі.  

 

  

Компанияның ақпаратына сәйкес, 2008 жылдан 2011 жылға дейін геологиялық-барлау жұмыстарына, соның ішінде бұрғылау және сейсмикалық-барлауға 121 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалғаны айтылды.

 

 

 Атап айтқанда, баспасөз қызметінің деректеріне әйкес,  2012-2016 жылдар кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жобаларда («Н», «Жамбыл», «Сәтпаев», «Махамбет», «Бөбек» және т.б.) бұрғылау, іздестіру-барлау ұңғыларының ауқымды көлемі жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңа инвестициялық жобалар («Абай», «Исатай», «Шағала», «Үстірт») бойынша жұмыс басталмақшы.

 

 

«Геологиялық қызметтің рөлін арттыру, геологиялық бейімді мамандар дайындау, жаңа геология-геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік зерттеулерді дамыту маңыздылығын асыра бағалау қиын. Біз Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларындағы жобалық шешімдердің іске асырылуының геологиялық мониторингін күшейтуіміз керек», - деді Болат Ақшолақов. 

 

 

Кеңес қорытындысы шығарылып, геологиялық барлауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күшейту, талдамалы-түсіндіру орталығын құру, кен материалдарының зертханалық зерттеулерінің, тиімді геологиялық-техникалық шараларды жолға қою мақсатында ұңғымалар зерттеулерінің көлемін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


нефть, газ
12:15 02/12/2011ҚМГ геологиялық барлауға 557 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы («Қазақстанның мұнайы мен газы») 2012-2016 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 557 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда, оның ішінде 435 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауға және 12024 кв.км 3Д көлеміндегі сейсмикалық барлауға 499 млрд. теңге бөледі. >>


Бұл қалай көрiнедi:


нефть, газ
12:15 02/12/2011ҚМГ геологиялық барлауға 557 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы («Қазақстанның мұнайы мен газы») 2012-2016 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 557 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлауда, оның ішінде 435 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауға және 12024 кв.км 3Д көлеміндегі сейсмикалық барлауға 499 млрд. теңге бөледі. >>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »