Қазақстандық өндірістің бес тепловозын Қырғызстан сатып алады - ҚТЖ

Казахстан темир жолы
© Максим МАСЛОВ
14:51 03/07/2012

АСТАНА, 3 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Қырғыз темир жолу» ҰК бас директоры Арғынбек Малабаев Астанада шығарылатын ТЭ33А «Эволюшн» сериясының тепловоздарын Қырғызстанға жөнелту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 


Құжат Астанадағы ҚТЖ еншілес компаниясы «Локомотив құрастыру зауыты» (ЛҚЗ) АҚ шығарған ТЭ33А «Эволюшн» сериясының 5 тепловозын сатып алуды көздейді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев ашқан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өз жұмысын 2009 жылдың шілде айында бастап, Қазақстандағы көлік машина жасау құрылысының кәсіпорындары ішіндегі ең ірілерінің бірі саналады. «General Electric» компаниясының әдістемелік және технологиялық қолдауымен құрастырылатын локомотивтер қазіргі заманғы сапа мен экологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келеді.

ТЭ33А өндірісінде қазақстандық үлесті ұлғайтумен қатар, кәсіпорын мамандары отандық өнімді ТМД, Балтық елдері нарығына шығаруға тырысуда. 2011 жылдың аяғында «Рохи охани Точикистонмен» (Тәжікстан темір жолдары) 6 локомотив сатып алу туралы келісім-шарт қазақстандық тепловоздың «1520 кеңістіктегі» шойын жолға шығуға алғашқы қадам болды.

Бүгінде қазақстандық тепловоздарды Монғолияға жеткізіп, Ресей Федерациясында сертификаттау мәселесі күн тәртібінде тұр.

Қырғыз елі ТЭ33А сериясының тепловоздарын сатып алуға алғашқы болып мүдделік танытты. 2011 жылы қырғыз делегациясы Қазақстанға арнайы келіп, ЛҚЗ-да тепловозды шығарудың өндірістік үдерісі мен техникалық сипаттамасымен танысты. 2012 жылы ТЭ33А сериясының 5 тепловозын сатып алу Қырғызстан жүк тасымалы рентабельділігін арттыруымен қатар, сапа мен жүк тасымалы көлемінің ұлғаюына да оң ықпалын тигізбек.

Заманауи қазақстандық тепловоздарды сатып алуға қатысты құжатқа қол қою Қырғыз Республикасының премьер-министрі Өмірбек Бабановтың Астанаға ресми сапары шеңберінде жүзеге асты.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »