Түркияның Эксимбанкі ҚДБ $250 млн сомасына несие желісін ұсынады

Банк Развития Казахстана

АСТАНА, 15  қаз –Қазақстан жаңалықтары   АА. Түркияның Эксимбанкі Қазақстанның даму банкіне 250 миллион доллар сомасына несие желісін ұсынады, деп хабарлады дүйсенбіде ҚДБ-ның баспасөз қызметі.

 «Стамбұл қаласында Қазақстан республикасы Президенті мен Түркия  премьер-министрі қатысуымен өткізілген бизнес-форум шеңберінде «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) және «Түркияның Экспорттық-кредиттік Банкі» АҚ (Түркия Эксимбанкі) құны 250 млн АҚШ доллар құрайтын Өзара түсінушілік  меморандумына (Меморандум) қол қойды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚДБ тарапынан  Меморандумға басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиев,  Түркия Эксимбанкі тарапынан – Бас менеджер міндеттерінің орындаушы Месут Гюрсой мырза  қол қойды. 
 
«Аталған несиелік желіні ашу ҚДБ үшін инфрақұрылым және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асырылып жатқан түркиялық құрылымы бар (жабдық, техника және т.б.) инвестициялық жобаларға  арналған қаржыны тиімді шарттар негізінде  тартуға  мүмкіндік береді», - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »