2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда

Поезд

АСТАНА, 17 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. 2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, ол әр бағыт бойынша жол жүру уақытын орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқартпақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Астана - Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Защита, Астана - Защита және Алматы - Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда,  Аталған бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей 2 тәулікте емес, бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар стансасына аялдайтын болады.

Ағымдағы жылы Алматы - Атырау, Астана -Атырау және Астана - Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. 

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:

Поезд
11:00 17/10/20132014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда

2014 жылы бес бағыт бойынша жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарлануда, ол әр бағыт бойынша жол жүру уақытын орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқартпақ, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.>>

Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 
белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »