Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалысты іске қосты

АСТАНА, 22 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржол желісіндегі қозғалысты бастап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.  

 

«Бүгін біз екі жаңа теміржол магистральдарын ашып отырмыз. Мұндай оқиға біздің тарихымызда болған жоқ. «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолдарының жұмысы бірнеше өңірдің, бүкіл республиканың өміріне ұзақ жылдар бойы және алдағы ондаған жылдарға қызмет етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

 

Президент тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде теміржолдар мен автомобиль жолдарының  құрылысы тоқталған жоқ, «өйткені біздің еліміздің  орасан зор аумағында көлік коммуникациясын дамытпайынша даму мүмкін емес», деп атап көрсетті.

 

Құрылыстың бастапқы нүктелері: Маңғыстау облысындағы  Бейнеу стансасынан, Ақтөбе облысының Шалқар стансасынан, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасынан және Жезқазған қаласынан тікелей қосылу жаңа жолдармен жүк алып шыққан алғашқы пойыздардың аттануын көруге мүмкіндік берді. 

 

Ауқымды көлік жобасының құрылысы 2012 жылғы маусымда ашылған болатын. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, үлкен жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін адамдарға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды. 

 

Жаңа темір жолдардың орналасуы Қазақстанның батысынан шығысына және солтүстігінен оңтүстігіне жүктер тасымалдау қашықтығын қысқартады, еліміздің көлік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

 

«Бүгін пайдалануға берілетін 1000 шақырымнан асатын теміржолдар «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыттарындағы жүк тасқыны бағыттарын оңтайландырады. Теміржолдардың жұмысы Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін беріп, өңірлердің өнеркәсіптік әлеуеттері мен өндірістерінің дамуын жеделдете игеруге жағдай туғызып, экономикалық белсенділігін ынталандырады. 3,5 мың жұмыс орындары ашылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

 

ҚТЖ жаңа жолдарды іске қосу Қытайдан Ресей бағытына және одан әрі Еуропаға трансқазақстандық көлік дәліздерінің көліктік әлеуетін елеулі арттырады, деп санайды.


Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »