Новости-Казахстан

Өскеменде жаяу жүргіншіні автобус соғып қайтыс болды

Автобус
09:51 13/01/2012

 

АСТАНА, 13 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Өскеменде қалалық бағытта қатынайтын автобустың соғып кетуі нәтижесінде жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

«№24 бағытта қатынайтын автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Жаяу жүргінші 60 жаста болған», - деп көрсетілген мекеменің twitter-аккаунт беттеріндегі хабарламасында.