АСТАНА, 23 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Үстіміздегі жылдың 22 тамызында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи қорығында орын алған орман өрті бүгін сағат ауыздықталды, деп хабарлады Қазақстан АШМ баспасөз қызметі.
Өрт қамтыған орман қорының алқабы 21 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге Іле-Алатау МҰТҚ, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, «ҚазАвияқорғау» РМҚ, ҚР ТЖМ № 28237 әскери бөлімшесі, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Алматы облысының Іле ауданының әкімшілігінің, Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті халық қатысты. Барлығы өрт сөндіруге 710 адам, 62 техникамен 4 тікұшақ жұмылдырылды.
Өрттің пайда болу себебін анықтау мен келтірілген материалдық залалды анықтау бойынша ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Алматы облысының өртке қарсы қызметімен бірлесе қызметтік тексеріс жүргізуде.