Алаяқтық үшін 3 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы Ресейде ұсталды

Арест
10:39 19/10/2012

АСТАНА, 19 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Отанында алаяқтық үшін 3 жыл бойы іздеуле жүрген Қазақстан азаматшасы Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


Ведомствоның хабарлауынша, «Іздеу» жедел алдын алу шараларын өткізу барысында Ресейдің Оренбург қаласында алаяқтық күдігі бойынша 2009 жылы іздеу жарияланған Ақтөбенің 46 жасар тұрғыны ұсталды. 


«Ақтөбе тұрғындарына «Жаңа үй» бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмек көрсетуге уәде беріп, 16 миллион теңгеден аса сомаға зиян келтірді», - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта ұсталған Оренбургтің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир