Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен – БАҚ

19:35 08/01/2013

АСТАНА, 8 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылға тапсырыс берілген және шабуыл оның кәсіби қызметіне қатысты болған. Қылмыстың орындаушылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, оларға 10 мың доллар беруді уәде еткен, деп жазуда «Орал апталығы» газеті. 

 

2012 жылғы 19 сәуірде кешке  «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьияровты  белгісіз біреулер соққыға жықты.  Шабуылдың салдарынан Ахмедьяровқа 8 кесілген жарақат және шамамен «ОСА» травматикалық тапаншасымен 2 атыс жарақаты келтірілген. Ахмедьяров облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылып, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

 

Бас прокуратура 28  желтоқсанда қылмыстың ашылып, күдіктілердің қамауға алынғандығы туралы хабарлаған. Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу (ҚР ҚК 96-бабы) белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу үшін ең үздік жедел және тергеу қызметкерлері тартылды, 500-ден аса куәлардан жауап алынды, жүздеген арнайы іс-шаралар жүзеге асырылды.

 

Барлық 3 тікелей орындаушы, сондай-ақ бұрын сотты болған жергілікті «Тайпақтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып шыққан шабуылдың ұйымдастырушысы анықталды және ұсталды.

 

Қылмыстың орындаушылары жасаған қылмыстарын мойындады, жәбірленуші Ахмедьяров оларды оған қарулы шабуыл жасаған тұлғалар ретінде таныды. Сезіктілердің кінәларын мойындау жөніндегі жауаптары Ахмедьяровпен болған беттестірумен, алынған травматикалық тапаншамен, сондай-ақ іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен расталды.

 

 

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


лукпан ахмадьяров журналист
19:35 08/01/2013Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен – БАҚ

Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылға тапсырыс берілген және шабуыл оның кәсіби қызметіне қатысты болған. Қылмыстың орындаушылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, оларға 10 мың доллар беруді уәде еткен, деп жазуда «Орал апталығы» газеті.>>


Бұл қалай көрiнедi:


лукпан ахмадьяров журналист
19:35 08/01/2013Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен – БАҚ

Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылға тапсырыс берілген және шабуыл оның кәсіби қызметіне қатысты болған. Қылмыстың орындаушылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, оларға 10 мың доллар беруді уәде еткен, деп жазуда «Орал апталығы» газеті.>>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »