Астана әуежайында жалған құжатпен Ауғанстаннан келген жасөспірім ұсталды

Аэропорт Астаны

АСТАНА,  22 там –Қазақстан жаңалықтары АА. «Астана» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары жалған құжат көрсеткен 15 жастағы Ауғанстан елінің азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.


««Бішкек - Астана» бағытындағы КС 152 халықаралық әуе рейсін рәсімдеу кезінде 1994 жылы туылған Дания азаматының атына берілген жалған құжат анықталды»,-делінген хабарламада.


Ведомствоның мәліметінше, күдікті жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшып бара жатқан болып шықты. Оның айтуынша, Кабул қаласынан Бішкекке ұшып келіпті, одан Астанаға келіп, бұдан әрі Лондонға, Ганноверге ұшуды жоспарлаған. Тексере келгенде, жолаушының қолында транзиттік билеті мен ұшаққа отырғызу талоны болмай шықты.


Қазір жедел тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »