Отар станциясында оқ дәрінің жарылысы туралы іс бойынша алты айыпты соттқа берілді

уголовное дело

АСТАНА, 22 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Отар станциясында оқ дәрінің жарылысы туралы іс бойынша алты айыпты соттқа берілді, деп хабарлайды бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі. 

 «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының Отар станциясында орналасқан кәдеге жарату бекетінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорымен тергеумен аяқталды.

Тергеумен кәдеге пайдалану бекетінде механикалық жолмен патрондардың ішін шығару модулін іске қосу барысында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін, осы ережелердің сақталуының жауаптылықтары жүктелген тұлғалардың бұзғандықтары және олардың нәтижесі абайсызда жұмысшылардың өліміне әкеп соғуы толығымен анықталған.

20 тамызда қылмыстық іс бойынша айыпкерлер - «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының кәдеге жарату Департаментінің бастығы Н.Т.Оракеев және бас инженері В.А.Емельянов, Отар станциясындағы кәдеге жарату бекетінің бастығы В.И.Орлов, бас инженері В.Е.Гурьянов, қауіпсіздікті сақтау бойынша инженері Т.М.Қыдырәлиев және ауысым бастығы А.И.Сазонов сотқа берілді.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Қордай аудандық сотына қарауға жолданды.

 

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »