Қарағандыда қаруланған тонаушылар букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады, олардың бірі жарақаттанды

Полиция

АСТАНА, 28 қар - Қазақстан жаңалықтары АА. Қарағандыда бүгін  букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды, полицейлер қылмыскерлерді ұстау кезінде сезіктінің бірін тапаншамен атып,жарақаттады деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.


28 қараша күні Бұқар жырау даңғылында орналасқан букмекерлік кеңсенің біріне бетперде киген екі азамат кассир мен күзетшіні тапаншамен қорқытып, оқ атып, бар қаражатты беруді талап еткен. Қазіргі уақытта меморандумға сәйкес  көлемді қаражаты бар  нысандарда  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері күзет жұмыстарын атқарып жатыр.

«Букмекерлік кеңседе облыстық ІІД жедел әрекет ету тобының қызметкерлері болған. Олар қаруланған қылмыскерлерді ұстау мақсатында ескертіп, оқ атқан. Алайда тонаушылар оқиға орнынан ізін суытпаққа әрекеттенген соң тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданды», - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратынша, шабуыл жасағанның біреуі жарақаттанған.  «Оған медициналық көмек көрсетілді, қарауылшы жасақ қойылды.  Екінші қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 179 бабына сәйкес (қарақшылық шабуыл) қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық прокуратура табельдік қару қолданылуы мәселесін тексеруде», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »