АСТАНА, 4 жел – Қазақстан жаңалықтары АА.Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырым жерде 4,7 магнитудалық жер сілкінісі болды деп хабарлайды сейсмология институтының сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
Хабарламаға сәйкес, 4 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:25-де жер сілкінісін тіркелді. Жерасты дүмпуінің тереңдігі - 15 шақырым.
Қаланың өзінде жер асты дүмпулері 2-3 балл шамасында сезілді.