ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады

Министерство обороны Казахстана

АСТАНА, 4 жел - Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Талдықорғанда  дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"Бүгін екінші деңгейлі банкте Талдықорған қаласындағы әскери госпиталь бетон қоршауының құлауы нәтижесінде зардап шеккен 15 жасар Мәдина Маратқызына материалдық көмек ретінде ҚР ҚМ Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының, ведомстволық бағынысты құрылымдар мен бөлімшелердің әскери қызметшілері өздерінің біркүндік еңбекақыларын аударатын шот ашылады", - делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі сауыққаннан кейін алыс немесе жақын шетелде толыққанды аяқ протезін жасатуға кепілдік береді. Жарақат алған уақыттан бері зардап шекен қыз баланы емдеуге әскери медицина қызметкерлері белсенді атсалысып келеді: жетіспеген медикаменттер жеткізілді, әскери госпитальден зардап шегушінің жанында анестезиология және реанимация  бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің капитаны О.Тынышбаев тәулік бойы болды. 

Сонымен қатар, емдеуге Астана қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасы политравма бөлімшесінің жетекшісі, меицина ғылымдарының кандидаты Р.Бютаев, Сызғанов атындағы микрохирургия ғылыми-зерттеу институынан консультанттар тартылды. 


Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Министерство обороны Казахстана
16:32 04/12/2014ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Талдықорғанда дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.>>


Бұл қалай көрiнедi:


Министерство обороны Казахстана
16:32 04/12/2014ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Талдықорғанда дуалдың құлауынан зардап шеккен оқушыға бір күндік еңбек ақыларын аударады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.>>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »