23:09 15 Наурыз 2016
Астана-1°C
Тікелей эфир
тенге

Ақмола шаруаларына 9 млн теңгеден астам субсидия негізссіз берілген

© Максим МАСЛОВ.
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
15400

қмола шаруаларына тоғыз миллион теңгеден астам субсидия негізссіз берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 25 мам — Қазақстан жаңалықтары АА. Ақмола шаруаларына тоғыз миллион теңгеден астам субсидия негізссіз берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Зеренді ауданының прокуратурасы 2014 жылға «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметін тексерді.

"Тексеріс барысында, бөлім қызметкерлерімен тауар өндірушілердің соңғылармен қажетті құжаттардың барлығын тіркемей, жекелегенде – консалтингтік сүйемелдеу туралы шарт жасаспай  субсидия алуға өтінімдерін қарау және заңсыз қанағаттандыру фактілері анықталды, іс жүзінде жоқ ҰМ  бары туралы мәліметтер көрсетілген өтінімдерді қанағаттандыру фактілері орын алған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай өтінімдер қабылдамауға жатады", — деп хабарлады ведомство.

Бөлім қызметкерлерімен өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 9 млн. теңгеден астам мемлекеттік субсидия негізсіз төленген.

Тексерістің нәтижесі бойынша аудан прокуратурасымен аудан әкімінің атына ұсыныс енгізілді, 9 млн. теңгеден астам сомаға негізсіз төленген субсидиямен келтірілген материалдық зиянды мемлекетке өтеу туралы мәселе қойылды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижелері бойынша «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің қызметкерлері Ж.Нұрабаев пен А.Байсеріков ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағандары үшін толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, аудан әкімдігімен негізсіз төленген мемлекеттік субсидияларды қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.