23:13 15 Наурыз 2016
Астана-1°C
Тікелей эфир
Касым-Жомарт Токаев

Тоқаев: санкциялар бүкіл әлемдік экономиканы әлсіретеді

Сенат Парламента РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2900

Тоқаевтың ойынша, ХХI ғасыр саясатында бүкіл әлемдік экономиканы әлсірететін санкцияларға орын болмауы тиіс.

АСТАНА, 26 ақп — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан бір елдердің басқа елдерге қатысты санкция енгізу саясатын сынға алады, өйткені бұл бүкіл әлемдік экономикаға зиян келтіреді  деп есептейді деп мәлімдеді Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ХХI ғасыр саясатында бүкіл әлемдік экономиканы әлсірететін санкцияларға орын болмауы тиіс. Санкциялар — бұл БҰҰ айрықша құзыреті және олар ерекше жағдайда қолданылуы тиіс", —деді ол бейсенбіде Венада ЕҚЫҰ ПА ортақ үш комитетінің бірлескен отырысында жасаған баяндамасында.

Тоқаевтың пайымынша, қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру тек қана бірлесіп іске асырылуы тиіс. "Алауыздыққа қарамастан, бізге бәрімізге экзистенциалдық қауіп-қатерлермен күресу үшін  бірігу қажет. Еуразиялық қауіпсіздік  —бұл біздің тарихи жауапкершілігіміз", — деп атап айтты Тоқаев  деп келтіреді сенаттың баспасөз қызметінен.