АСТАНА, 11 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Бейсенбі 12 қаңтар күні Қазақстан облыстарының басым бөлігінде тұман болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Қазақстан аумағында өткенше атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтілуде. Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Республиканың басым аумағында тұман болады», - деп хабарлайды синоптиктер.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз секундына 15-20 метрге жететін күшеймелі жел соғады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстанда түнде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыс жақтан секундына 18-23 метрге жететін жел соғып, кейде оның екпіні 28 метрге жетеді.