АСТАНА, 13 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның басым бөліктерінде жұма күні тұманды ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.
Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданының оңтүстік шығысында секундына 18-23 метрге жететін жел соғып, оның екпіні 28 метрге дейін жететін болады.