АСТАНА, 21 қар –Қазақстан жаңалықтары АА. Павлодар облысында үш жаңа экологиялық бекет орнатылды, деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
«Өңір халқын толғандыратын екінші мәселе - бұл экология. Республикалық қоқыстардың 27%-ы біздің облысымызға тиесілі. Иә, біздің облыс өндірісі қарқынды дамыған облыстардың бірі, соған сәйкес қоқыс та мол. Бұл проблема айтылмай қалып жатқан жоқ, қоғамда талқылануда», - деді Бозымбаев орталық коммуникациялвар қызметінде брифингте.
Әкім атап көрсеткендей, облыста барлығы жеті атмосфералық бекет жұмыс істейді, олар 150 зиянды заттар компоненттерінің тоғызына ғана мониторинг жүргізеді.
«Осы аптада біз үш жаңа автоматтық бекет орнаттық, келесі жылы тағы бірнешеуін орнатамыз», - деп түйді сөзін Бозымбаев.

© Сайт акимата Жамбылской области