Павлодар облысында тұрғындарды ауыз суымен қамтамасыз ету 2017 жылы 33,1%-ға жетеді

вода кран

АСТАНА, 21 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Павлодар облысында 2017 жылы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету 33%-ға жетеді, деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев. 

 

«Біз республика бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіштері төмен облыстардың біріміз. Бүгінде ол 19,4 пайызды ғана құрайды. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілген жоқ. Жерасты суы қоры барланбағандықтан, жобалау-сметалық құжатты әзірлеуге бюджеттік қаражат бөлінбеген. «Ақ бұлақ» бағдарламасында осындай шарт бар, егер бекітілген барланған су қоры болмаса, қаражат бөлінбейді», - деді Қ.Бозымбаев.

 

Әкімнің атап өтуінше, биылғы жылы облыстық бюджеттен 58 елді мекеннің жобалық құжаттамасын қаржыландыруға 318 млн теңге бөлінген. 

 

«Үш ауылда су құбырының құрылысы жүріп жатыр, 2015 жылға 1,5 млрд теңгеге тағы бес жоба берілді. Түстен кейін Ерболат Досаевқа барып, келесі жылы осы мәселе бойынша қаржы көлемін арттыруды сұраймын. Бұл бағыт алдағы уақытта біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі болады. Мұның барлығы 2017 жылы халықты ауыз сумен қамту көрсеткішін 33,1 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан осы жұмысқа күш саламыз», - деп сендірді облыс әкімі.


Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »