АСТАНА, 21 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Келесі аптада Қазақстанның солтүстігіне отыз градустық аяз келеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Атлантикалық циклондар Батыс Сібір бойынша бірінен соң бірі жылжыуда және Қазақстанның, әсіресе оның солтүстік бөлігіне тікелей әсерін тигізуде. Міне, осы алдағы екі күнде қар жауып, бұрқасын тұрып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-25 м/с дейін күшейеді. Дүйсенбі күні температура түнде 25-33⁰ аязға дейін күрт төмендейді. Батыс облыстарда сондай-ақ суық, түнгі температура 10-20⁰ аяз болады», - деп болжайды синоптиктер.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Қазақстанның басқа аумағындағы ауа-райымен салыстырғанда жылы. Түнде көпшілігінде 3-10⁰ суық, күндіз әлі де болса 2-10⁰ жылы болып, кей уақытта жауын-шашын, жаңбыр жауып, аяғы қарға, тұманға айналып, түнгі мезгілдерде көктайғақ болады.