«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бойында орналасқан Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру басталды

Газ
1 / 2
||

АСТАНА, 24 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.«ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының бойында орналасқан Қызылорда облысының елді мекендерін ауқымды газдандыруды бастайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қарашада Байқоңыр қаласының маңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан (МГҚ) «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына дейін (АГТС) газ жеткізетін бұрма-газқұбырының құрылысы ресми түрде іске қосылды.

 

"Бұл - «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде салынып жатқан тұңғыш нысан",-делінген хабарламада.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Сердиев қатысты.

Инвестициялық жобаға сәйкес 4 аудан орталығында (Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласында 5 АГТС және ауыл-қалаішілік газ құбырлары желілері салынатын болады. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңгеден астам және Қызылорда өңірін газдандырудың Бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 1439 км газ құбырын, 81 бірлік газ тарату пунктін, 258 шкафты пункт салу жоспарланып отыр. Өңір халқының 190 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады деп ұйғарылуда",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Қалаішілік, кентішілік және көше газ құбырларын салу жобасын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қосылатын елді мекендер үшін ресурстық база көзі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы келетін газ болмақ, оның өткізу қабілеті 2015 жылдан бастап жылына 10 млрд. м3 құрайтын болады.

"Жобаны іске асыру облысты газдандыру деңгейін арттыруға, жақын жердегі кенттерді одан әрі газдандыру үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірдің инвестициялық тартымдылығы және газдандырылатын қалалар мен елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық әлеуеті артады, ең бастысы тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады. МГҚ трассасы өтетін елді мекендерден тартылатын жұмысшылар еңбек ететін 500-ге тарта жұмыс орны құрылатын болады",-деп қорытындыланған хабарламада.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »