22:51 26 Наурыз 2016
Астана+ 4°C
Тікелей эфир
Автобус

Прокурорлар Рудный автобустарында жол ақысын қымбаттатуға жол бермеді

© ИА "Новости - Казахстан". // Еркен САЛИХОВ
Аймақтар
Қысқа сілтеме алу
16300

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Рудный қаласы бойынша қоғамдық көлікпен жүру бағасын 45 теңгеден 55 теңгеге дейін жоғарылату жоспарланған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 25 мам — Қазақстан жаңалықтары АА. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Рудный қаласы бойынша қоғамдық көлікпен жүру бағасын 45 теңгеден 55 теңгеге дейін жоғарылату жоспарланған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Көлікте  жүру бағасын жоғарылатуды жоспарлау фактісі бойынша талдау өткізілді, нәтижесінде көлікте жүрудің бағасын жоғарылату туралы сауалды қарастырған кезде жанар-жағар майдың, автошиналардың, аккумуляторлар мен қосалқы бөлшектердің 2014 жылдың сәуір айындағы бағалары бойынша есеп жасалғандығы анықталды. 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 13 қазандағы №  614 бұйрығымен бекітілген жолаушылар мен жүк  тасымалдаудың ұдайы бағыты бойынша  қызмет көрсету  есебі әдістемесінің 10 т. сәйкес, көлікпен жүру бағасын   қымбаттауы  отын, қосалқы бөлшектердің, сол сияқты жол бедерінің нашарлау  жағдайында түзетіледі.

Сонымен қатар, талдау 2015 жылғы жанар-жанармайдың бағасы 3 теңгеден  16 теңгеге дейін түріне байланысты айтарлықтай арзандағанын (дизель отыны 102-ден 99 теңгеге, бензин АИ – 92 105-тен 99 теңгеге дейін) көрсетті.

Оның есесіне, Рудный қаласы бойынша жол қабаты қалыптағыдай болып саналады.

Қоғамдық көлікпен жүру бағасын жоғарлатудың негізсіздігін ескере отырып, қала прокуратурасы заңдылықтың бұзылғандығы туралы Рудный қаласы әкімінің атына ұйғарым шығарды, бұл мәселені қарастыру нәтижелері бойынша қоғамдық көлікпен жүру бағасын жоғарылатуға жол берілмеді, ал  қоғамдық көлікпен жүру бағасы қайта қаралды.

Қабылданған  шаралар арқылы Рудный қаласы тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.


Басты тақырыптар