Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту дұрыс жүргізіліп отырған жоқ, деп санайды мәжілісмен

женщина, пенсионер
© Владислав ВОДНЕВ
17:15 05/11/2010


АСТАНА, 3 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы)  депутаты Сағынбек Тұрсынов үкіметті мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуда азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды.

 
«Осы мәселеде реттеу жолдарын тауып, сондай-ақ қандай мемлекеттік органдарда неше адам қысқартылғандығы туралы ақпарат берулеріңізді сұраймыз», - деді Тұрсынов сәрсенбіде палатаның пленарлық отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында.  


Қыркүйектің аяғында Қазақсатнның президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау және сот органдарын қосқанда республика мемлекеттік мекемелері штаттық санының  15% қысқартуды көздейтін жарлыққа қол қойды.


Депутаттың айтуынша мекеме қызметкерлерінен парламент депутаттарының атына көптеген өтініштер мен шағымдар түсуде. Оның мәліметінше, барлық қысқартылатын қызметкерлер саны 26213 адамды құрауы керек. «Алайда кейбір мемлекеттік органдарда адамдар саны тым көп қысқартуға ұшырайтын түрі бар. Мәселен, Статистика агенттігінің облыстық және аудандық бөлімдерін қосқанда барлығы 3676 адамды құраса, агенттіктің жауапты хатшысының 2010 жылдың 30 қыркүйегіндегі бұйрығына сәйкес штат лимиті 2165 адам болып белгіленген», деп түсіндірді ол. Нәтижесінде 1511 адам қысқартылуы қажет болып отыр. Бұл әрине 15 пайыздан бірнеше есе артық, деп мәлімдеді мәжілісмен.


Тіпті кейбір облыстарда 70 пайызға дейін қысқартулар жүргізілуде. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында бір басқарма 70 пайызға қысқарған. «Бұрын ол басқармада 9 адам істесе, жаңа лимит бойынша 3 адам қалған», - деп деректерді келтірді Тұрсынов.


Қысқартуға ұшырауы мүмкін қызметкерлер арасында сол мекемеде 25-30 жыл еңбек еткен, зейнет жасына 1-2 жыл қалған адамдар да кездеседі. «Тіпті жалғыз басты аналар, жалғыз асыраушы болып отырған азаматтар да қысқартылуы мүмкін», - деп санайды халық қалаулысы.


«Осы мәселе туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономикалық даму және  сауда министрліктеріне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке хат жазып, мардымды жауап ала алмадық. Сондықтан осы жағдайдың анық-қанығына жетіп, қандай мемлекеттік органнан нақты қанша адамның қысқартылатыны, олардың алдағы жұмыспен қамтылуы, құқықтарының қорғалуы қалай жүзеге асырылатыны туралы нақты шаралар жөнінде ақпарат беріп, ретке келтірудің жолдарын қарастыруыңызды сұраймын», - деп қорытындылады мәжілісмен.

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


женщина, пенсионер
17:15 05/11/2010Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту дұрыс жүргізіліп отырған жоқ, деп санайды мәжілісмен

Қазақстан Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) депутаты Сағынбек Тұрсынов үкіметті мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуда азаматтардың құқықықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды.>>


Бұл қалай көрiнедi:


женщина, пенсионер
17:15 05/11/2010Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту дұрыс жүргізіліп отырған жоқ, деп санайды мәжілісмен

Қазақстан Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) депутаты Сағынбек Тұрсынов үкіметті мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуда азаматтардың құқықықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырды.>>

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »