ПАВЛОДАР, 12 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Кәмелет жасқа толмаған 16 жасар Н., мас түрінде дүкенде болған. Сот - медициналық сараптамасының нәтижесіне сәйкес кәмелет жасқа толмаған жасөспірім жеңіл дәрежелі мас күйінде болған, деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі хабарламасында.
ҚР ӘЖжК 336 б. 1-1 т. сәйкес қоғамдық жерлерде мас күйінде, ал бірдей алкогольдік ішімдік ішіп жүргендері үшін 18 жасқа толмаған тұлғалардың әкімшілік жауапкершіліктері орнатылған, ата – аналарына немесе олардың орнындағы тұлғаларға 1 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салыну түрінде әкімшілік жаза қаралады.
Сот отырысында азаматша Н, өз кінәсін толықтай мойындап, соттан қатал жазаламауын сұрады.
Кәмелетке толмаған Н азаматшаның заңды өкілі – анасы, сот отырысында, қызының ішімдік ішетінін білмейтінін айтып, өз кінәсін мойындады.
ҚР «Бала құқығы туралы» Заңының 37, 50 б.б. сәйкес, Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыпты тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Ақтоғай аудандық сотының қаулысымен кәмелет жасқа толмаған Н. ҚР ӘҚБтК 336 б. 1-1 т. бойынша айыпты деп табылып, оның анасына 1 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жазаға тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған Н-ның бос уақыты шектелді және екі ай бойынша мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды.
Қаулы заңды күшіне енді.