АСТАНА, 12 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. 2011 жылы халықтың тырысқақпен, обамен, паратифпен, дифтериямен, полиомиелитпен, трихинеллезбен, аусылмен сырқаттану жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Арғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жіті вирустық гепатитпен сырқаттанушылық 47,2%, оның ішінде «А» вирустық гепатитімен 49,1%, «В» вирустық гепатитімен 33,2%, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 38,9%, қышымамен 31,8%, шигеллезбен 31,0%, ротавирустық инфекциялармен 29,5%, бактериалдық дизентериямен 28,9%, сальмонеллезбен 22,0%, педикулезбен 21,2%, сарып ауруымен 17,9%, жіті ішек инфекцияларымен 15,9%, эхинококкозбен 12,4%, ЖИТС-пен 9,9%, тыныс алу органдарының туберкулезімен 9,9%, ботулизммен 2,3 есеге, листериозбен 2,1 есеге, іш сүзегімен 2 жағдайға төмендегені байқалды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қандай да болмасын инфекциялық аурулардың алғашқы белгілері пайда бола бастағанда өз бетінше емдеумен айналыспай, уақытында медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің нұсқауларын, жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес береді.