«Қазір тәжірибелік режимде қолданылатын және агенттіктің интернет-ресурсында қолжетімді «online-режимдегі деректер жинағы» ақпараттық жүйесі респонденттерге статистика органдарына бармай-ақ сандық қолтаңбаны қолданып, статистикалық есептеме нысандарын толтыруға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта респонденттерге 65 нысан қолжетімді, ағымдағы жылы тағы 55 нысан енгізіледі», - деді Смайылов өз ведомствосының алқа отырысында.
Қазақстандықтарың барлық зейнетақы жинақтары 2013 жылғы 1 шілдеге дейін бірыңғай қорға шоғырланады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.
«ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы барлық жағдайларды ескере келіп: қылмыстық әрекеті арқылы келтірілген нақты залал мөлшерінің төмендігін, денсаулық жағдайын, отбасылық жағдайы мен мінездемесінің жақсы екендігін ескере отырып Ө.Әлшімбаевқа шартты түрде жаза тағайындады», - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.