Күн жаңалығы »
«Тәуелсіздігімізбен бірге ата дініміз қайта оралды, жаңа белеске көтерілді. Діни басқарма елдегі 2228 мешіттің басын қосқан ең іргелі құрылым екенін танытты. Халқымыздың рухани құндылықтар мен мақсаттардың төңірегіне шоғырлануына жағдайлар жасалды. Бүгінде қоғам, әсіресе жастарымыз дінге бет бұрды. Ислам жолын ұстаушылық сәнге көрсетілген құрмет болмауы үшін түсіндірулер жүргізу керек», - деді мемлекет басшысы.
Елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары VII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болып Ержан Маямеров сайланды, делінген Алматының орталық мешітінің сайтында.