АСТАНА, 24 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.Астана қаласында қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарлайды Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.
"24 қараша күні елорда мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды",-делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстан астанасында ауа температурасы күндіз 22-24 градус нөлден төмен болады.
Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.