Назарбаев: Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады

АСТАНА, 4 жел - Қазақстан жаңалықтары АА. Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірге жасаған ресми сапары барысында, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің халық ең тығыз қоныстанған және қарқынды дамып келе жатқан өңірі екеніне тоқталды.

Қазақстан Президенті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры секілді бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін айтты. Тағы бір маңызды бағдарлама «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты болып саналады, оның аясында елдің ішкі коммуникациялары дамитын болады.   

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жаһандық үдерістердің аясындағы басты міндеттердің бірі елдегі тұрғындарының саны миллиондық межеге жеткен ірі қалаларды дамыту болып отырғандығына тоқталды. Бұл орайда, Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өз көліктік-транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда көршілес мемлекеттермен де тығыз ықпалдасып отырғанын айтты.

«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол магистралінің іске қосылуы елімізге өз өнімін Парсы шығанағы өңіріне экспорттауға және Үндістан мен өзге де оңтүстіказиялық нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.

Соңында Мемлекет басшысы өңір халқына табыс және бақ-береке тіледі.  

Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:

шымкент
18:35 04/12/2014Назарбаев: Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жаһандық үдерістердің аясындағы басты міндеттердің бірі елдегі тұрғындарының саны миллиондық межеге жеткен ірі қалаларды дамыту болып отырғандығына тоқталды. Бұл орайда, Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады.>>

Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 
белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »