АСТАНА, 29 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстандық ескекшілер дүйсенбіде оңтүстіккореялық Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында жалпы командалық есептің қоржынына әр түрлі дәрежедегі алты награда салды, оның үшеуі - алтын.
Алексей Дергунов екі кісілік байдаркада Евгений Алексеевпен бірге 1 мың метр қашықтықта үздік шықты. А.Дергунов - Лондон Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі спортшы.
Сондай-ақ тағы бір батысқазақстандық Андрей Ергучев төрт кісілік байдаркада Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Александр Емельяновпен бірге 1 мың метр қашықтықта Қазақстанға он екінші алтын медальді әкелді.