Қазақстандық ватерполшылар Азиада чемпиондары атанды

Команда Казахстана по водному поло

АСТАНА, 1 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Судағы поло спортынан Қазақстан ерлер құрамасы сәрсенбіде оңтүстік кореялық Инчхонда Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. 

 

Спортшыларымыз финалдық ойында Жапония құрамасынан 7:6 есебімен басым түсті. Кездесуде Александр Аксенов 3 доп, ал оның командаласы Владимир Ушаков 2 доп соқты, Сергей Губарев пен Алексей Шмидердің есебінде 1 ұпайдан бар. Күміс жапондарда, ал Қытай құрамасы 3-орынды қанағат тұтты.

 

Естеріңізде болса, қазақстандықтар 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да тұғыр биігіне көтерілген болатын. Сөйтіп, спортшыларымыз бұл жолы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.


Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »