Серік Қонақбаев АИБА-ның вице-президенті болып сайланды

Серик Конакбаев

АСТАНА, 11 қар  - Қазақстан жаңалықтары АА. 1980 жылғы Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері, Қазақстандық бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев АИБА вице-президенті лауазымына сайланды, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

 

Кореяның Чеджу қаласында АИБА Конгресінде Халықаралық бокс қауымдастығының басшы құрамын сайлау өтіп жатыр.Азия құрлығы атынан  АИБА вице-президенті лауазымына Халықаралық қауымдастықтың атқару комитетінің мүшесі Қазақстандық бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Серік Қонақбаев ұсынылды.

 

«Отандық спорттың майталманы өзінің спорттық мансабында кезекті жеңіске жетті, әлемдік бокс жұртшылығы біздің отандастасымыздың кандидатурасына қолдау көрсетіп, оған АИБА вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті қызметтеріне сенім көрсетті», - делінген хабарламада.


Барлық жаңалықтар
Официальные курсы валют в РК
блогқа қосу

Осы материалға сілтеме жасау үшін, берілген кодты өз блолыңызға көшіріңіз.

Жариялауға код:


Бұл қалай көрiнедi:

осы жаңалықты жіберу
 

белгіленгенге қосу
 Facebook Twitter Twitter Мой Мир
Күн жаңалығы »