АСТАНА, 15 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА. Мәскеулік метрода болған апат салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің басшысы Георгий Голухов.
Бұрын үш адам қаза болды деп хабарланған.
"Қазіргі таңда медициналық көмекке 120 адам жүгінген, олардың 106-сы жедел жәрдем бригадаларымен 14 мәскеулік стационарға жеткізілді, олардың жартысы ауыр хәлде. Жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта бес қаза тапқан адам бар", - деді ол.